Састөбе, Сазтөбе — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы кент, Састөбе кенттік әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.

Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 31 км жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен54705386 5588 103,8 2557 2702 105,7 2829 2886 102

Тарихы 20 ғасырдың басынан 1930 жылға дейін "Жыланды ауылы" аталып келді. 1917 жылдан ақ балшық өндіріледі. 1932-33 жылдары екі әк күйдіру пеші бар «Жұмыскер» артелі құрылды. 1937 жылы «Састөбе цемент завотын салу туралы» қаулы қабылданып, 1952 жылы іске қосылды. Цемент, әк, сульфаттық портландцемент, түсті цемент өнімдерін шығарды. Оның негізінде 1990 - жылдары цемент зауыты «Састөбецемент» АҚ болып құрылды. Қазір цемент, әк шығаратын жеке кәсіпкерлер жүргізетін зауыт жұмыс істейді. Састөбеде және округке қарасты Ынтымақ, Қызылту ауылдарында «Аманат-Инвест-Су» ЖШС, «Эль-К» филиалы, «Мұнай өнімдері» ЖШС, «Қызылжар» ЖШС, «Қызылту» ӨК құрылды.

Инфрақұрылымы Састөбе ауыл округінде А. Макаренко атындағы жом және А. Оразбаева атындағы жом деп аталатын 2 жалпы орта мектептер, музыка мектебі, 2 мәдениет үйі, аурухана, емхана, 3 мешіт, "Ер-Жәнібек" спорт кешені, стадион, саябақ, т.б. мекемелер бар."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері