Жақанкөл – Есіл алабында орналасқан тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданы Сарыоба темір жол станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде. Үлкен Сарыоба көлінің солтүстігінде, теңіз деңгейінен 382 м биіктікте.
Аумағы Аумағы 1,2 км2, ұзындығы 1,5 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 4 км.
Жер бедері Жағалауы тегіс, суы қарашада қатып, сәуірде ери бастайды. Суы тұщы. Айдынын қамыс пен қоға шоғырлары жапқан. Мал суаруға пайдаланылады.
Санат:Есіл су алабы Санат:Аршалы ауданы көлдері