Жалаулы – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы жерімен ағып өтеді.
Бастауы Бастауын Жыланшықтүрме қыратының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан алып, Рахмет ауылының тұсында Ұлы Жыланшық өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 72 км, су жиналатын алабы 735 км2. Арнасы тік жарлы, көктемде ғана су ағады, жаз айларында тартылып қалады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 13 саласы бар. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Амангелді ауданы өзендері