Желбезекше ледебуриелла () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Тарбағатай, Шыңғыстау мен Ақтаудың ұсақталған тасты жерлерінде өседі. Биіктігі 40 см, жуан, тармақталған тамыры бар. Сабағы дара немесе бірнешеу, бұтақтанған. Тамыр жапырақтарының ұзындығы 7 см, сағақ бойындағылары жұмыртқа тәрізді, ал сабақ ұшындағылары ұзын болады. Гүлдері ақ түсті, себеті 5 – 12 сәулелі, көп гүлді шатырша гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісінің пішіні жұмыртқа тәрізді, қырларында төмпешікті қатпарлар болады. Желбезекше ледебуриелла – өте сирек кездесетін эндемик өсімдік, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер