Қалғұтты, Тораңғы – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 62 км, су жиналатын алабы 652 км2.

Бастауы Бастауын Күршім жотасындағы Салқыншоқы тауының етегінен алып, Қарақұдық қыстауына 8 км жетпей жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Жоғарғы арнасы шатқалды, орта ағысы сайлы-жыралы, қырқалы-төбелі жерлермен ағады. Қаратоғай ауылынан төменде арнасы кеңейіп, жайылма пайда болады. Ақши аулына дейінгі арнасында жыл бойы су болады. Қар, жауын-шашын суларымен толығады. Қалғұттының жалпы ұзындығы 45 км болатын 15 саласы бар. Ірілері: Ортабұлақ, Тесікқия, Өртенбұлақ, т.б. Ақши ауылынан төменде өзен Тораңғы деп аталады.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы