Айқоныс, Айқамыс – Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Денисов ауданы Шұңқыркөл ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 7,3 км2, теңіз деңгейінен 228 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,7 км, жағалауының ұзындығы 11,1 км. Негізінен еріген қар суымен толысады. Қуаң жылдары суы аздап тартылады. Суы тұзды кермек, сілтілігі төмен. Жағалауы жайпақ, боз, селеу, жусан өседі.

Санат:Денисов ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы