Бозымбай – Қызылқұмның солтүстігінде, Жаңадария өзені аңғарындағы төбе.
Географиялық орны Қызылорда облысы Жалағаш ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 132 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге, ені 2 км-ге созылған. Бозымбайдың батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс бөліктері тақыр келген. Оңтүстік тізбекті төбешіктер, сайлы жерлерінде ажырық, жусан, ақ сексеуіл өседі. Маңында Боздақ, Татен, Буровая артезиан құдықтары бар.“Қазақ энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы таулары