Төменгі Рейн () — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Эльзас аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 67. Әкімшілік орталығы — Страсбург. Халық саны 1,079,013 адам (1999 ж.).

Географиясы Жер аумағы 4755 км². Департамент арқылы Рейн өзені ағып өтеді, бұл өзен департаменттің негізгі бөлігі болып табылады және шығысынан шектеседі. Департамент аумағына Вогездер тауларының кейбір бөктері кіреді.

Тарихы Төменгі Рейн — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 7 округ, 44 кантон және 526 коммунаны қосады.

Округі Халқы(1999) Ауданы(км²) Халық-тығыздығы Кантондары Қауымдары Агно 120.445 666 181 3 56 Мольсайм 89.604 745 120 5 69 Саверн 88.251 1.003 88 6 127 Селеста-Ерстайн 134.907 981 138 7 101 Страсбург-қала-шеті 264.424 684 386 8 104 Страсбург-қала 264.115 78 3.375 10 1 Виссамбур 64.374 598 108 5 68

Тағы қараңыз Төменгі Рейн департаментінің коммуналары

Сілтемелер Préfecture Conseil général Төменгі Рейннің елді мекендері

*