Амритсар () - Солтүстік Үндістанның Пенджап штатындағы қала. Синкхтердің қасиетті қаласы, негізгі діни және мәдени орталығы. thumb|left|250px|Хармандир Сахиб (Алтын ғибдатхана) киелі бөгеттің ортасында орналасқан. Амритсар - тоқыма өнеркәсібі мен сауда орталығы, темір жол торабы.

Тарихы 16 ғ-дың аяғында синкхтердің төртінші гуруі(дін басшысы) Рим Дас негізін салдырды.

Қала атауын ортасында Хармандир-Сахиб (Алтын ғибдатхана) орналасқан киелі бөгеттің атауынан алған. Хармандир-Сахиб - ол синкхтардың бас гурдварасы. Дәл осы жерде көптеген синкх тарихының оқиғалары болған.

1849 ж. ағылшындар жаулап алды. 1918-22 ж. ұлт-азаттық күресі орталығының біріне айналды. 1947 ж. Үндістанды бөлшектеген кезде үнді-мұсылман-синкх қырғындары салдарынан көп бүлінді.

Климаты Үндістанның солтүстік-батысына ылайық - климаты шөлейт. Жылдың 4 мезгілін айқындауға болады: қыс (қарашадан наурызға дейін), ауа температурасы 4-тен 19°С дейін; жаз (сәуірден маусымға дейін), ауа температурасы 45°С жетеді; муссонмуссон (шілдеден қыркүйекке дейін) посмуссон (қыркүйектен қарашаға дейін).

Жауын-шашынның деңгейінің орта жылдық көрсеткіші - 681 мм.

Соңғы жылдарда ең төмер температура 21 каңтар 2005 ж. −6,6 °C болған, ең биік температура 21 мамыр 1978 ж. +49,7 °С.

Халқы Халқы саны - 1 183 705 адам (2011 ж. мәліметі бойынша). Оның ішіндегі еркектер - 55 %, 6 жасқа дейінгі балалар - 15 %.

Сауаттылық деңгейі - 77,2 % ш. Негізгі діні - сикхизм, индуизм және т.б. діндер де бар.

Негізгі тілі - пенджаби.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Үндістан географиясы Санат:1574 жыл