Айғыз — Абай облысының Аягөз ауданындағы ауыл, Айғыз ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Аягөз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 74 км-дей жерде, Аягөздің саласы Айғыз өзенінің маңында, Аягөз-Баршатас көлік жолының қиылысқан тұсында, шөлейт зонада орналасқан.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен 1511 1048 69,4 739 556 75,2 772 492 63,7
Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланды. 1961 жылдан Калинин атындағы қой кеңшарының орталығы болған. Кейін оның негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды. Айғызда машина-трактор жөндеу шеберханасы, аурухана, орта мектеп бар.
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы елді мекендері