Қарабау — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Қызылқоға ауылдық округі орталығы. 1952-1959 жылдары Қызылқоға ауданының орталығы болған.

Географиялық орны Аудан орталығы – Миялы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 79 км-дей жерде.

Халқы солға|300px| 1989 жылы елді мекенде 2205 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1523 адам (762 ер адам және 761 әйел адам) болса, 2009 жылы 1420 адамды (736 ер адам және 684 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Әлеуметтік және мәдени нысандары Қарабау орта мектебі «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасы «Еспай» мәдениет үйі

Елді мекендегі көшелер Аяпберген Науанұлы көшесі Әлжан Игілікұлы көшесі Берқайыр Аманшин көшесі Ғани Мұратбаев көшесі Дина Нұрпейісова көшесі Еспай көшесі Инамат Уайсов көшесі Исатай Тайманұлы көшесі Қойшыбай Есенбаев көшесі Махамбет Өтемісұлы көшесі Мәншүк Мәметова көшесі Мұрат Мөңкеұлы көшесі Нығмет Көмеков көшесі Сабыр Омаров көшесі Табылды Таубаев көшесі Шамиль Өтегенов көшесі

Дереккөздер

Санат:Қызылқоға ауданы елді мекендері