Рио-Гранде-де-Сантьяго (исп. Río Grande de Santiago) немесе жай Сантьяго — Мексиканың территориясы бойынша батысқа қарай ағатын өзен. Оның ұзындығы 562 км-ді құрайды. Бастауын Чапала көлінен, 1524 м биіктіктен алады. Халиско және Наярит штаттарынан ағып өтіп, Тынық мұхитқа құяды. Батыс Сьерра-Мадре сайларынан ағып, көптеген сарқырамалар мен табалдырықтарды түзеді. 2004 жылдан 2007 жылға дейін өзенде Эль-Кахон (es) СЭС-сы құрылған болатын, ал ағысынан 60 км төменде 1997 жылы салынған Агуамильпа (es) СЭС-сы орналасқан. Соңғы болып 2012 жылдың 6 қарашасында La Yesca каскадының ең жоғары СЭС-сы орнатылған.

Дереккөздер Большая советская энциклопедия (рус.) INEGI. Площадь водосбора основных рек 2008 (исп.) солға|нобай|270x270 нүкте|Эль-Кахон тоғаны

Санат:Алфавит бойынша өзендер Санат:Мексика өзендері