Әбу Ысқақ Ибраһим ибн әл-Уәлид (; 245 жыл 25 қаңтарда өлтірілген) — Умәйя әулетінен шыққан халиф, халифа I Уәлидтің ұлы.

Өмірбаяны Ибраһим ибн әл-Уәлидтің анасы – халифа I Уәлидке күң ретінде сатылған парсы князінің қызы болғанPhilip Khuri Hitti, History Of Syria (Gorgias Press LLC, 2004), 489. Ол халиф ретінде билік басында тек 70 күн болған. Мұхаммед ибн Маруан жаңа халиф Ибраһим болғандығын естіген кезде, оның билігін мойындамай бүлік шығарды. Мұхаммед ибн Маруанның әскері Хомс қаласына кіріп келіп, марқұм II Уәлидтің ұлы Хакам ибн әл-Уәлидті халиф қылып жариялайды. Бүлікті басу үшін Абд әл-Ғазиз ибн әл-Һажаж жіберілді. Хомс тұрғындары II Маруанды қолдап, ол қарсыласын жеңіп шығады. Ибраһимнің талқандалған жақтастары Дамаск қаласына қайтып, бауырларын дарға асуды бұйырды. Маруан Дамаск қаласын жаулап алғаннан кейін, Ибраһим ибн әл-Уәлид қашып құтылады, алайда 750 жылдың 25 қаңтарында өл адам қолынан қаза табады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер А. Әли-заде. Ибраһим ибн әл-Уәлид (126/744 — 127/744) // Мұсылман мемлекеттерінің хроникасы. М., УММА,. 2004. — 445 с., илл. ISBN 5-94824-111-4

Санат:Умәйя әулетінің халифтері