Санжар сұлтан мазары — Түркіменстан (Көне Мерв) жеріндегі сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Сәулетшісі — Мұхаммед Атсызұлы. 1157 жылы салжұқ сұлтаны Санжардың қабіріне тұрғызылған. Ескерткіш-мазар текшеленіп келген астыңғы негізден (27х27 м), цилиндр пішінді аркалы барабан мен күмбезден құралады. Жалпы биіктігі 30 м-ден астам. Оның сом пошымын барабандағы аркалы галереялар жеңілдете түскен. Санжар сұлтан мазары құрылыс бөлшектерінің өзара гармониялық үйлесімділігімен және пропорц. дәлдігімен ерекшеленеді. Бедерлі кірпіш қалауы, сылаққа түсірілген геометриялық және көгеріс өрнек, интерьеріндегі нақышты жазулар мазар-ескерткішке әсем көрік береді.Қазақ энциклопедиясы, 7 том. Дереккөздер

Санат:Тарих