Ермекбай Келдібеков (1945 жылы 5 наурызда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туған) — Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Толығырақ Ермекбай Келдібеков 1945 жылы 5 наурызда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1961 жылы Мақтаарал ауданындағы Фрунзе атындағы орта мектепті бітірген 1961 - 1965 жылдары Шымкент педагогика институтында оқып, физика пәнінің оқытушысы біліктілігін алған 1966 жылы әскер қатарында болды 1966 - 1968 жылдары Қазақ химия-технология институтын бітірген

Еңбек жолы 1968 жылдың тамыз айынан 1970 жылдың шілде айына дейін ЕТК-1 маңындағы №10 ЖЖКОМ физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды 1970 - 1971 жылдары Шымкент политехникалық техникумында физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылдың шілде айынан 1979 жылдың қазан айына дейін Шымкент энергетикалық техникумының кешкі бөлімінің меңгерушісі қызметін, 1979 жылдың қазан айынан 2008 жылдың маусымына дейін Шымкент энергетика техникумының (қазіргі Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің) директоры болып қызмет істейді. 1986 - 2005 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ОАОО- орта арнаулы оқу орындары директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болды. 2008 жылдың маусым айынан зейнеткерлікке шығып, аталған колледжде директордың кеңесшісі қызметін атқарады.

Марапаттары 1987 - Құрмет Белгісі Ордені (КСРО) 1995 - Қазақстан Республикасының білім үздігі 2001 - Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері 2002 - Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер 2002 - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл медалі 2003 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған 2014 - Шымкент қаласының құрметті азаматы Қазақстан Білім Беру саласының Үздігі (атағы) Қазақстан Білім Беру саласының құрметті қызметкері (атағы) Педагогика ғылымдарының кандидаты Өзбекстан Республикасының философия ғылымдарының докторы

Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері