«Қыз-жігіт» — толық метражды көркем фильм. 1955 ж. Алматы көркем және хроника фильмдер студиясы шығарған.

Сюжеті Айдар мен Ғалия бұрыннан бір-бірін сүйеді. Айдар жылқышы болып, Ғалия — колхоз ат зауытында жоғарғы табыншы болып жұмыс істейді. Бір күні, кездейсоқ түсініспеушілік кесірінен екі жас бір-бірімен жанжалдасады. Осы жағдайды Ғалияны сүйетін дүкен меңгерушісі Аңғарбай қолдануға тырысады.

Рөлдерде Ғалия Ерденова — Лидия Ашрапова Айдар — Кененбай Қожабеков Аңғарбай — Мүлік Сүртібаев Марьяна — Варвара Сошальская Тарас Пятихатка — Анатолий Алексеев Гүлбарша — Сәбира Майқанова Журка — Қанабек Байсейітов Василёк — Игорь Боголюбов Мұрат — Сейфолла Телғараев Игнат — Константин Старостин Баршагүл — Бикен Римова Тамара — Тамара Думная Еркебай — Серке Қожамқұлов Досан — Әбен Мұхамедияров

Дереккөздер Санат:КСРО кинокомедиялары Санат:Қазақфильм фильмдері