Newton (ағыл. «жаңа дыбыс») — үш мэмберден тұратын Қазақстандық Q-pop жанрын бағыттаған бойзбенд. 2017 жылы 24 тамызда "Жалықтым" əнімен дебют жасады.Топтың жаңа продюсері - Тимур Бақтыбаев. Топтың жанкүйерлерінің атауы "Powers". https://www.ntk.kz/ru/q-pop/newton/

Топ мүшелері Лақап аты Шынайы есімі Туған күні Ұлты Туған жері Топтағы орны Akim Рахимов Аким 7 қаңтар 1996 жыл ұйғыр , Алматы Вокалист Otty Руслан Отыншин 5 шілде 1997 жыл қазақ , Қаражал Вокалист Shyn Шыңғыс Белгібаев 30 наурыз 1998 жыл қазақ , Алматы Вокалист

Тарихы 2017 2017 жылы топ дебют жасамастан бұрын TOP Entertainment-тің ютубтағы арнасында топ мүшелері туралы бейнебаян шыққан болатын.Кейіннен сол жылы 24 тамыз айында топ Жалықтым бейнебаянымен дебют жасады. Бейнебаян алғаш рет Gakku Tv арнасында жарық көрді.

2018 2018 жылдың басында топ ендігіде Eighty Eight Entertainment атынан өнер көрсететіндіктерін жариялады.11 қаңтар күні Awa атты əнге түсірілген топтың екінші бейнебаяны жарық көрді.Сол айда топтың лидері Young Khanның топ құрамынан шыққандығы белгіле болды.6 ақпан күні Eighty Eight Entertainmentтің ютубтағы арнасына "Newton vlog" атауымен топтың күнделікті өмірін, қызықты оқиғаларды көресететін бейнекүнделік тұсауын кесті.13 наурыз күні Alyska əні шықты. 18 сəуір күні Shimayla жəне 8 тамыз күні Janym sol əндеріне түсірілген бейнебаяндар жарық көрді. Араға аз ғана уақыт салып дəлірек айтсақ 23 тамыз күні Jauap əніне түсірілген бейнебаяндарын халық назарына ұсынды.Топ қазан айында Қазақстанның 11 қаласында концерттік тур өткізді.Концерттік тур жайындағы бейнекүнделіктер Gakku Tv арнасында жарияланды.Желтоқсан айында өткен "Жыл таңдауы 2018" Ұлттық музыкалық шарасында Newton тобы жүлдеге ие болып, жылды сəтті аяқтады.

2019 2019 жылы 4 наурызда НТК арнасына берген сұхбатында Smit топтан шығып кеткендігін мəлімдеді.Оның бұл шешімі денсаулығына байланысты болған. Осы жылы топ белсенділігі бәсеңдеген болатын. Тіптен топ жанкүйерлері арасында топтың тарағандығы туралы сыбыстар да шыға бастады. Ресми хабарландыру шықпағандықтан жанкүйерлердің көп бөлігі бұған сенбеді. Өкінішке орай 5 тамыз күні Gakku арнасына берген сұхбаттарында топ жұмысын тоқтататынын хабарлады.

Әндері Ән атауыШыққан күніЖалықтым24.08.2017Awa11.01.2018Alyska13.03.2018Shimayla18.04.2018Janym sol08.08.2018Jauap23.08.2018

Бейнебаяндар +№АтауыШыққан күні1.Жалықтым24.08.20172.Awa11.01.20183.Shimayla18.04.20184.Janym Sol08.08.20185.Jauap23.08.2018

Newton vlog Newton vlog - топтың күнделікті өмірі жайлы бейнекүнделік.

Newton vlogШыққан күніNewton vlog № 106.02.2018Newton vlog № 217.02.2018Newton vlog № 305.03.2018Newton vlog № 417.03.2018Newton vlog № 507.04.2018Newton vlog № 614.06.2018Newton vlog № 716.07.2018

Жүлделері "Жыл таңдауы 2018"

Сілтемелер

Shyn-ның инстаграмы

Akim-нің инстаграмы

Smit-тің инстаграмы

Дереккөздер

Санат:Q-pop Санат:Қазақстан музыкалық ұжымдары Санат:Newton Санат:2017 жылы құрылған музыкалық ұжымдар