Ойконим — топонимнің түрі, кез келген елді мекеннің жалқы есімі. Елді мекендер атаулары жаратылыстану-географиялық сипатта және мәдени-тарихи сипатта болады.
Жаратылыстану-географиялық сипаттағы ойконмдерге елді мекеннің физикалық ерекшеліктерін көрсететін су көздері атаулары, ландшафт ерекшеліктері, табиғи жағдайлар, ландшафт ерекшеліктері, табиғи жағдайлар, жануарлар, өсімдіктер атауларынан туындаған елді мекендер жатады.
Мәдени-тарихи сипаттағы ойконимдерге белгілі бір елді-мекенге тұрған жеке тұлғаның есіміне, лақап атына, әлеуметтік, мәдени-діни шаруашылық жағдайларына байланысты атаулар жатады. Мысалы ойконим - антропонимдер (Сәтбаев, Сергеевка), мәдени-діни (Түркістан, Петропавл). Ойконимдер ішінде ерекше орын алатыны советонимдер - кеңестік дәуірде туындаған елді мекендер атауы.
Ойконимдер Алматы - алмалы. Ақтөбе - ақ төбе. Ақтау - ақ тау. Атырау - атырау. Көкшетау - көкшіл тау. Қостанай - Қостан деген қазақ батырының атына "ай" жалғауы жалғанған. Қарағанды - қараған өсетін жер. Өскемен - тасты таудағы өзеннің сағасы. Қызылорда - қызыл астана. Тараз - Тара өзенінің ежелгі атауы (тара - суаруға арналған; ас, өзен, су). Шымкент - шымды елді мекен. Түркістан - түркілер елі, түркілер ордасы. Арқалық - жота. Екібастұз - тұзды көл. Жезқазған - мыс өндірген жер. Байқоңыр - антропоним - адамға тән жалқы есім. Қапшағай - тік беткейлі тасты шатқал.
Санат:Топонимдер Санат:Лексикология