СапропелиттерҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 (грекше sapros — шіріген және pelos — балшық, тұнба) — қатты, жанғыш пайдалы қазбалар. Сапропелиттер — қарапайым жәндіктер мен өсімдіктер қалдықтарының ауа бармайтын ашық және тұйық су алаптарында шоғырлануынан түзілген қазба көмірлер тобы. Минералдық құрамы саз, құм және суда еріген Ca, Fe, Mg қосылыстарынан тұрады. Өзгеріске ұшырамаған сапропельдің түсі қоңыр, қоңыр-сұр, қара; қолға майлы, сынымы жартылай бақалшақты. Элементтік құрамы: C (52 — 60%), H (6 — 7,5%), N (3,5 — 4,8%). Басты түрлері: сазды, әкті, диатомды, ірі детритті және ұсақ детритті сапропельдер. Сапропелиттер құрамы, органикалық материалдың ыдырауы мен өзгеруіне қарай нағыз сапропелиттер, сапропелит-гумит, және гумит-сапропелит (касьянит-богхед, кеннель-богхед, черемхит) болып бөлінеді. Нағыз cапропелиттер альгинит тобынан, кейде богхед, сапроколлит түрлерінен тұрады. Сырт бейнесі күңгірт, шала күңгірт; көмірленуі қоңыр, сұрғылт қара болады. Сапропелит-гумитте гелифтенген микрокомпоненттер басым, оның 25%-ы балдырлар. Түсі күңгірт қара, сұрғылт қара. Гумит-сапропелиттің құрамында 25 — 50%-дай альгинит, 20% липтинит, 75%-ға жуық витринит болады. Сапропелиттердің барлық қазба түрлері ұшпа заттар мен бастапқы қара майдың жоғары шығымдылығымен, cутектің жоғары мөлшерімен, қызу бөлгіштігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Сапропелиттер әр түрлі көміржаралу дәуірлеріндегі түзілімдерде белгілі.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том Дереккөздер

Санат:Көмір Санат:Органикалық минералдар