Салық – Сауыр жотасының солтүстік беткейіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қосқора ауылының оңтүстігінде 10 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2775 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 10 км-ге созылған, енді жері 4 км шамасында. Беткейі тік, өзен арналары тауаралық аңғарлармен тілімденген. Батысынан Ақкезең жəне Қараүңгір өзендерінің салалары бастау алады. Бөктеріндегі жартастың биіктігі 7–12 м-ге жетеді.
Өсімдігі Солтүстік беткейінің 1100 м-ге дейінгі бөлігінде далалық, 1900 м биіктікте орман ландшафтысы, одан əрі альпі шалғыны басым. Баурайы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы, 7 том.
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы таулары