нобай|300px| Бостондағы шай ішу () — Америкадағы ағылшын отарлары тұрғындарының наразылық шарасы, 1773 жылдың 16 желтоқсанында Бостон қаласында орын алды.

1773 жылдың 10 мамырында британдық парламент «Шай туралы заң» () шығарып, шай саудасына монополия енгізді. Бұған наразы болған америкалық саудагерлер бірнеше штатта патшалықтан жеткізілген шайды түсіруге жол бермей, оны метрополияға қайтарып жіберді. Алайда Бостонда губернатор Томас Хатчинсон сарбаздарына мұндай қарсылыққа дайын болуларына бұйрық берді.

Қарашаның соңында Бостон портына Beaver, Dartmouth және Eleanor сауда кемелері жетті. Сэмюэл Адамс бастаған «Азаттық ұлдары» ұйымы митингілер ұйымдастырып, мыңдаған адамды жинайды. 16 желтоқсанда үндістерше киінген белсенділердің бір тобы кемелерге шығып, 342 жәшік шайды теңізге лақтырады. Бұл оқиға Бостондағы шай ішу деген атпен тарихта қалды және тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттарының бірі болды.The Tea Act: The Catalyst of the Boston Tea Party

Дереккөздер

Санат:АҚШ тарихы