Қаражал – Сарықұлжа тауының оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-батысында, Қарағайлы кентінен оңтүстікте 47 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 2,5 – 3 км. Ең биік жері 1200 м.

Геологиясы мен жер бедері Тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу, түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Жыра, сайлармен тілімденген. Қаражалдың оңтүстік және солтүстік бөліктерінен Аппаз өзенінің бастаулары ағады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары