Ақмарал Ғосманқызы Ибраева — тарих ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 18 мамырда Павлодар облысы, Железин ауданы, Екішек ауылында туған.
ҚазПИ-ді (1993, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1993-99 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы, 1999-2005 жылдары Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылдан Еуразия ұлттық университетінде қызмет атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – мəдениет тарихы, музей саласы. А. Ибраева Қазақстанның музей ісі тарихын тың деректер негізінде зерттеп ғылыми айналымға қосқан. "Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы мен дамуының тарихи тəжірибесі (1831-2006 жж.)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Марапаттары "Қазақстар Республикасы Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі"; "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері"; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Шапағат" медалі, "Құрмет" ордені.Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі - Басшылық.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Музеолог ғалымға мемлекеттік стипендия берілді.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары