«Темірлан. Соңғы жаулаушының өрлеуі» () — Netflix компаниясы шығарған көркем фильм. Режиссері — Джейкоб Шварц, сценарий авторы — Мэтью Грин. Фильм түркі жаулаушыларының бірі және Темір империясының негізін қалаушы Әмір Темірдің тарихына негізделген. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 2026 жылғы 2 сәуірде өтті.Темірлан (Rise of the Conqueror), Кинопоиск
Фильм Моңғол империясы ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі Әмір Темірдің билікке келу жолы мен оның тарихи тұлға ретінде қалыптасу кезеңдерін баяндайды.
Сюжеті XIV ғасырда Моңғол империясы ыдырап, Ұлы Жібек жолы тұрақсыздыққа ұшырап, бұрын гүлденген қалалар қирайды. Осы кезеңде шайқастарда шыңдалған Темір Барлас туған жеріне оралады. Ол бастапқыда Үндістаннан Парсыға дейінгі жерлерді жаулап алуды мақсат етпейді. Оның күресі өзіне қымбат нәрселер үшін — отбасының абыройы, сүйіспеншілік, балаларының болашағы және оны көшбасшы ретінде көретін адамдардың тағдыры үшін өрбиді. Билік үшін күрес пен саяси тұрақсыздық жағдайында Темір біртіндеп өз ықпалын күшейтіп, айналасына одақтастар жинайды. Осылайша оның тұлға ретінде қалыптасуы және болашақтағы ұлы жорықтарының негізі қаланады.
Дереккөздер