Алтынбел (2013 жылға дейін – Новоберёзовка)Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Көкпекті және Катонқарағай аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданындағы ауыл, Алтынбел ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылынан шығысқа қарай 32 км жерде, Нарын өзенінің сол жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18521200 880 73,3 608 444 73 592 436 73,6

Тарихы Іргесі 1902 жылы қаланған. Ауыл 1952-96 жылдары сүт өндіретін Ленин атындағы ұжымшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Үлкен Нарын – Рахман қайнары автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Үлкен Нарын ауданы елді мекендері