Лепидолит (грек. lіpіs — қабыршақ, lіthos — тас) — силикаттар класының слюдалар тобына жататын минерал. Химиялық құрамы шамамен:KLi2Al(Al,Si)3O10(F,OH)2. LіO2-ның мөлшері 1,23 — 5,9%-дай. Қоспа ретінде темір, марганец, цезий, қорғасын, натрий кездеседі. Моноклиндік жүйеде кристалданып, пластинка тәрізді бөлшектер немесе ұсақ қабыршақты түйіршіктер түзеді. Әдетте түсі ашық күлгін, қызғылт, кей кезде түссіз болып келеді. Қаттылығы 2,5 — 3,5, тығыздығы 2800 — 2900 кг/м3. Граниттік пегматиттер арасында қызғылт турмалин, сподумен, альбит, касситерит, т.б. минералдармен бірге кездеседі. Лепидолиттен литий және оның тұздары, кейде цезий өндіріледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" Ж А Қ 2003. — 248 бет. ?SВN 5-7667-8188-1, ?SВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Силикат минералдар Санат:Литий минералдары Санат:Калий минералдары Санат:Алюминий минералдары