thumb|Денатурат Денатурат — этил спирті; спиртті көк күлгін түске бояйтын бояу және жағымсыз иіс беретін арнайы заттар қосылған. Дақтар мен политур еріткіш.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том Жарықтандыруға, зертханалық және өндірістік қажеттіліктерге, отын ретінде пайдаланылады. Қоспалардың түрлері мен мөлшері заңмен белгіленуі мүмкін. Оны тағамдық спирттен айыру үшін денатуратталған спиртке бояғыштарды (мысалы, метилфиолет), өткір жағымсыз иісі мен дәмі бар заттарды (пиридин, диэтилфталат, керосин) енгізеді. Денатурациялайтын қоспалар олардың этанолдан қолжетімді әдістермен бөлінуі қиын болатындай және сәйкес сапалы реакциялар арқылы мүмкіндігінше анық анықталатындай етіп таңдалады.

Дереккөздер

Санат:Спирттар