Сәлкен Хасенұлы Сұбханбердин (04.05.1914, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы – 09.05.1986, Алматы) – фармацевт-ғалым, драматург, медицина ғылым докторы (1972), Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевті (1965).
Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. https://scontent.fala4-2.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/46503656_10218143767455539_7870332677189009408_n.jpg?_nc_cat=108&_nc_ht=scontent.fala4-2.fna&oh=d8644881c4f90ddb4ed36a10db769737&oe=5C6FD7ED
Мәскеу медицина институтын бітірген (1959). Сұбханбердин Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 – 1935), директоры (1935 – 1938), Алматы (1938 – 1942) және Жамбыл (1942 – 1945) облыс, республика (1948 – 1973) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 – 1975) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультетикасы ашылды.
Оның “Дәрі – дертке дауа, жанға шипа” (1965), “Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы” (1968), “Денсаулығыңды ойласаң” (1974, М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, “Шындық”, “Сатып алған ауру”, “Жаңа жандар”, т.б. пьесалары “Шындық” атты жинаққа енген (1977).
74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Отбасы Әйелі Үшкілтай Сұбханбердинаhttps://stud.kz/prezentatsiya/id/17778
Дереккөздер
Санат:1914 жылы туғандар Санат:4 мамырда туғандар Санат:Павлодар облысында туғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:9 мамырда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан фармацевтері Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері