Ауғанстан (, дари: افغانستان), толық ресми атауы Ауғанстан Ислам Әмірлігі (, дари: امارت اسلامی افغانستان) — теңізге тікелей шыға алмайтын, Орта Шығыстағы мемлекет. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. 1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр.

Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Үндістанмен (дұрысында Үндістан, Қытай және Пәкістан таласатын Джамму және Кашмир аумағымен) шектеседі.

Ауғанстан Батыс пен Шығыс түйісетін жерде орналасқан. Ежелгі сауда мен көші-қон орталығы болып табылады. Оның геосаяси жағдайы — бір жағынан Оңтүстік және Орталық Азияда, екінші жағынан Таяу Шығыста орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында маңызды рөл атқарады.

Этимология «Ауғанстан» атауы қазақ тілінде «ауғандар елі» деген мағына береді.

Атаудың пайда болуы Атаудың бірінші буыны — «ауған», «ауғани» — түркі сөзінен құралған, яғни ауып кеткен, жасырынған деген мағынаны береді. Бірақ ауғандар өздерін олай атамайды, олардың өз аты «пуштундар». Атаудың соңғы буыны — «-стан» деген жұрнақ парсы тілінде «орын, ел» деген мағына береді.

«Ауғандар» деген термин халық атауы ретінде, исламдық кезеңнен бастап қолданылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше «ауған» деген сөз алғаш рет тарихта 982 жылы пайда болған; сол кезде ауған деп, Инд өзені бойындағы таулардың батысында өмір сүрген тайпаларды айтқан.

1333 жылы Кабулда болған Марокколық саяхатшы Ибн Баттута былай айтқан: «Біз, бұрын ірі қала болған, Кабулға саяхат жасадық. Қазіргі кезде онда өздерін ауғандармыз деп атайтын, парсы тайпалары өмір сүреді».

«Ираника энциклопедиясында»: «Этнологиялық көзқараспен айтқанда, «ауғандық» термині — пуштундардың парсы тіліндегі атауы. Бұл термин Ауғанстаннан шығып басқа жақтарға да кең таралған, өйткені қазіргі кезде пуштун тайпалық одағы саны жағынан да, саяси жағынан да бұл елде ең маңызды болып саналады».

Сонымен қатар, түсініктемесінде: «Avagānā» деген атаумен бұл этникалық топ, алғаш рет б.з.б VI ғ. Varāha Mihira деген үнділік астрономның «Brihat-samhita» еңбегінде аталған.

Бұл ақпаратты пуштундық әдебиет те қолдайды, мысалы XVII ғ. Хушаль-хан Хаттак«Afghan Poetry Of The 17th Century: Selections from the Poems of Khushal Khan Khattak», extract from «Passion of the Afghan» by Khushal Khan Khattak; translated by C. Biddulph, London, 1890, өз еңбегінде пуштунша былай жазған: «Арабтар бұны біледі, және римдіктер де біледі: ауғандар дегеніміз ол — пуштундар, ал пуштундар — ауғандар!»

«Ауғанстан» терминін XVI ғасырда Бабыр император да қолданған: ол кезде бұл атаумен пуштундар өмір сүрген Кабулдың оңтүстік жерлері аталған.«Transactions of the year 908» by Zāhir ud-Dīn Mohammad Bābur in Bāburnāma, translated by John Leyden, Oxford University Press: 1921.

1808 жылы Ауғанстанда британдық дипломатиялық миссияны басқарған, сэр Монстюарт Элфинстон, өзінің «Account of the Kingdom of Cabul and its Dependencies in Persia and India» деген кітабында, ауғандар өздерін Иосифтің үшінші ұлы Ауғаннан бастау алатын, еврейлік рудың ұрпағымыз деп санайды, деп жазған. Бірақ, сол кезде Эльфинстон бұл теорияның расталмағандығын жазған.

XIX ғасырға дейін атау пуштундардың дәстүрлі жерлерін атау үшін ғана қолданылған. Өйткені ол кездерде ел «Кабул корольдігі»Elphinstone, M., «Account of the Kingdom of Cabul and its Dependencies in Persia and India», London 1815; published by Longman, Hurst, Rees, Orme & Brown деген атаумен танымал болған. Елдің басқа жерлерінде әр кезеңде әртүрлі тәуелсіз елдер болған, мысалы XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген «Балх корольдігін» айтуға болады.E. Bowen, «A New & Accurate Map of Persia» in A Complete System Of Geography, Printed for W. Innys, R. Ware [etc.], London 1747

Ақыры, ел кеңейіп, билік орталықтандырылғанда, ауғандық басшылар корольдікке «Ауғанстан» деген атауды қабылдады. «Ауғанстан» деген есім корольдіктің атауы ретінде қолданылғандығын 1857 жылы Фридрих ЭнгельсMECW Volume 18, p. 40; The New American Cyclopaedia — Vol. I, 1858 айтқан. Ол атау ел Ұлыбританиядан толықтай тәуелсіздік алғанда және оны әлемдік қауымдастық мойындағанда ресми түрде қолданыла бастады. Және ол атау Ауғанстанның 1923 жылғы Конституциясымен бекітілді.Afghanistan’s Constitution of 1923 under King Amanullah Khan (English translation).

Географиясы

Жер бедері Ауғанстан территориясы Иран таулы қыратының солтүстік-шығысында орналасқан. Елдің көп бөлігін таулар мен олардың арасындағы алқаптар алып жатыр.География Афганистана

Елдің солтүстігінде Бактрия жазығы орналасқан, оның ішінде Қарақұмның жалғасы болып табылатын құмды-сазды шөл жатыр. Оның оңтүстігі мен шығысын таулы жүйелер көмкеріп жатыр: Сафедкох (=Ақ таулар) және Сиахкок (=қара таулар) деген жоталардан тұратын — Паропамиз және Гиндукуш таулары.

Оңтүстігінде Орта-ауғандық таулар мен Газни-Қандағар қыраты орналасқан. Батысында, Иранмен шекаралас, Наомид (=үмітсіздік шөлі) үстірті мен Систан ойпаты жатыр. Елдің қиыр оңтүстігін Гауди-Зира ойпаты, Дешті Марго (=өлім шөлі) сазды-тасты шөлі, Гармсер және Регистан құмды шөлдері алып жатыр.

Гиндукуштың батысында биіктігі 3000-4000 м Хазараджат таулы қыраты бар. Пәкістанмен шекаралас аумағында елдің ең биік нүктесі — Ношак тауы орналасқан (биіктігі 7492 м).

Климаты Ауғанстанның климаты континентті субтропикті, қысы суық, жазы ыстық және құрғақ. Орташа температурасы мен жауын-шашын мөлшері өзгеріп отырады: қыста +8-ден -20 °C-ге дейін және одан да төмен, жазда +32-ден 0 °C-ге дейін жетеді. Жылына шөлді аймақта жауын-шашын мөлшері 40-50 мм, қыраттарда — 200-250 мм, Гиндукуштың жел жақ беткейінде — 400-600 мм, оңтүстік-шығысында Үнді мұхитынан келетін муссонның әсерінен 800 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның максимумы қыс пен көктем мезгілдерінде түседі. 3,000-5,000 м биіктіктерде қар жамылғысы 6-8 ай жатады, одан жоғары — мұздықтар.

Геологиялық құрылымы Тұран платформасының оңтүстік аймағына жататын, Бактрия жазығын қоспағанда, Ауғанстанның территориясы негізінен Алпі-Гималай қозғалмалы белдеуінде орналасқан.

Өзендері мен су қоймалары Индке құятын, Кабулдан басқа, өзендердің барлығы ағынсыз. Олардың ішіндегі ең ірілері — елдің солтүстік шекарасымен ағатын Әмудария, жер суаруға алынатын Герируд, және Систан ойпатына Фарахруд, Хашруд, Харутруд өзендерімен бірге құятын Гильменд, олар тұщы сулы Хамун көлін құрайды. Өзендер негізінен қар суымен және мұздықтар суымен қоректенеді. Жазытықтардағы өзендердің суы көктемде молайып, жазда тартылып қалады. Таулы өзендердің гидроэнергопотенциалды қасиеті бар. Көп аудандарда жер асты сулары сумен жабдықтау мен суару көзі болып табылады.

Пайдалы қазбалары Ауғанстанның жер асты қойнауы пайдалы қазбаларға бай, бірақ шеткері таулы аймақтарда орналасқандықтан оларды өндіру өте қиын.

Тас көмір мен бағалы металлдар кені, берилл, күкірт, тұз, мәрмәр, лазурит, барит, целестин кендері бар. Мұнай, табиғи газ, гипс кен ошағы кездеседі. Мыс, темір, марганец ен орындары зерттелген.

Кабулдың жанындағы Айнак мыс кені, Еуразиядағы ең ірі кен ошағы болып саналады (кен қоры 240 млн т., құрамы 2,3% (2006 ж. бағалау)). Және Кабулдың маңында Хаджигек темір кен орны бар (кен қоры 428 млн т., құрамы 62-68%), ол оңтүстіказиялық аймақтағы ең ірісі.Афганистан. Ру — Костыль для Карзая

Тарихы

thumb|right|200px|Көп ғасырлар бойы Ауғанстан Парсы империясының шығыс бөлігі болды. Сол кезден бері иран мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады.

Ауғанстан — тарихы тереңде жатқан мемлекет. Ең алғашқы адамдар Ауғанстанның территориясында, шамамен 5000 жыл бұрын пайда болды, және бұл аймақтағы ауылдық қауым әлемдегі ең алғашқылардың бірі.Sites in Perspective, chapter 3 of Nancy Hatch Dupree, An Historical Guide To Afghanistan.Afghanistan , Microsoft Encarta Online Encyclopedia 2006 (specifically John Ford Shroder, B.S., M.S., Ph.D. Regents Professor of Geography and Geology, University of Nebraska. Editor, Himalaya to the Sea: Geology, Geomorphology, and the Quaternary and other books).

Зороастризм Ауғанстанның территориясында б.з.б. 1800-800 ж.ж. пайда болған, ал Заратустра Балхта өмір сүрген.The history of Afghanistan, Ghandara.com website Afghanistan: Achaemenid dynasty rule, Ancient Classical History, about.com Бұл аймақта, зороастризмнің гүлденген шағында, ежелгі шығыс иран тілдерінде сөйлеген (мысалы, авеста тілі). Б.з.б. VI ғ. ортасында, Ахеменидтер Ауғанстанды Парсы патшалығының құрамына кіргізді.

Ахеменидтер империясы б.з.д. 330 жылы Ескендір Зұлқарнайынның соққысынан құлап, Ауғанстан Ескендірдің империясының құрамына енді. Ескендір Зұлқарнайынның империясы ыдырағаннан кейін Ауғанстан Селевкидтер мемлекетінің бөлігі болды. Олар б.з.д. 305 ж. дейін елді биледі, Буддизм аймақтағы басты дінге айналды. thumb|right|200px|Грек-бактрия патшалығының гүлденген шағы Кейін аймақ Грек-бактрия патшалығының бөлігі болды. Сақтар үнді-гректерді б.з.б. II ғ. Ауғанстаннан қуып шықты. Грек-бактрия патшалығы б.з.д. 125 ж. дейін өмір сүрді.

I ғ. Парфия империясы Ауғанстанды жаулап алды. Б.з. II ғ. орта-аяғында Кушан империясының орталығы қазіргі Ауғанстанда орналасқан, олар будда мәдениетінің қомқоршысы болды. III ғ. Кушандарды Сасанидтер әскері талқандады.Dani, A. H. and B. A. Litvinsky. «The Kushano-Sasanian Kingdom». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996. Paris: UNESCO Publishing, pp. 103—118. ISBN 92-3-103211-9 Бірақ, өздерін кушандармыз деп атайтын (белгілі болғандай Сасанидтер) басшылар елдің бір бөлшегін басқауын жалғастыра берді.Zeimal, E. V. «The Kidarite Kingdom in Central Asia». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996, Paris: UNESCO Publishing, pp. 119—133. ISBN 92-3-103211-9 Ақырында кушандарды ғұндар толықтай талқандап, V ғ. бірінші жартысында бұл аймақта эфталиттер өз мемлекетін құрды.Litvinsky, B. A. «The Hephthalite Empire». In: History of civilizations of Central Asia, Volume III. The crossroads of civilizations: A.D. 250 to 750. Litvinsky, B. A., ed., 1996, Paris: UNESCO Publishing, pp. 135—162. ISBN 92-3-103211-9 Эфталиттерді сасан патшасы Хұсрау I және 557 жылы Түркі қағанатының әскерлері талқандады. Алайда, эфталиттер мен кушандардың ұрпақтары Кабулистанда кішігірім мемлекетін құра алды, оны соңында мұсылмандық басшылар Саффаридтер жаулап, кейін ел Саманидтер және Газневидтер мемлекеттерінің құрамына кірді.

Исламдық және моңғолдық кезең thumb|right|200px|Ауғанстан — Араб халифатының шығыс бөлігі (750 жыл). VII ғ. Ауғанстанның батыс бөлігін арабтар жаулап алып, өз мәдениеті мен жаңа дін — исламды әкелді. Бірақ ислам біржола тек X ғасырда, аймақ Саманидтер империясының құрамына енгенде ғана, орнықты.]Он-лайн энциклопедия «Кругосвет»: История Афганистана

X ғасырда елге Орта Азиядан түркілер келді. Ауғанстан аумағында және Иранның, Орта Азияның, Үндістанның бір бөлігінде Газневид империясы (астанасы — Газни қ.) пайда болды. Ғылым мен мәдениеттің гүлденуі басталды.

XII ғасырда жергілікті ауғандық Гуридтер династиясы күшейіп, өз билігіне Ауғанстан мен көршілес территорияларды біріктірді. XIII ғ. басында Гуридтерді Хорезмдер жаулап алды.

XIII ғасырда аумаққа Шыңғысхан басып кірді. Ауғанстан Моңғол империясының құрамына кіріп, оның орнына моңғолдарға бағынатын Курттар әулетінің мемлекеті өмір сүрді. Ауғанстан екі моңғол ұлыстарының шекарасында орналасты — Хулагу мемлекеті мен Шағатай ұлысы. XIV ғасырдың екінші жартысында Ауғанстан Әмір Темірдің империясының құрамына кірді. Ал оның өлімінен соң, бұл жерді Тимуридтер басқарды. Олардың арасында ең танымалы Ұлы Моғолдар империясын құрған, Кабул билеушісі Бабыр.

XVI-XVII ғасырларда Ауғанстан территориясы үшін Сефевидтік Иран мен Үндістандық Ұлы Моғолдар империясы тартысты.

Хотаки әулеті