Жұмагүл Сарина Орынбайқызы (1938 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – педиатр-дәрігер. КСРО-ның үздік дәрігері (1967).

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1961).

1961 – 1963 жылдары Маңғыстау аудандық аурухананың балалар дәрігері болды.

1963 – 1965 жылдары Шымкент қалалық денсаулық мекемесінде бас маман болды.

1965 – 1973 жылдары Шевченко қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігері болды.

1973 – 2001 жылдары Маңғыстау облыстық аурухананың, балалар ауруханасының, сауықтыру орталығының, қалалық сәбилер үйінің бас дәрігері болды.

Марапаттары

«В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалі.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:1938 жылы туғандар Санат:Форт-Шевченкода туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері