Исабаев Темірғали (1920, Көксу ауданы, "Сарыой" ауылы — 19.1. 1996, сонда) — "Даңқ" орденінің толық иегері. 1939 ж. Темірғали ұжымшарында 7 жындық мектепті бітірген. 1940 ж. Кеңес Армиясы қатарына алынады. 1941 ж. майданға аттанып, Вязьма қаласының түбіндегі ұрыста жарақаттанды. Кейіннен Қырым соғысына кіріп, Кенигсбергті жаудан азат етуге қатысты. Майдандағы ерлігі үшін "Даңқ" орденімен 3 мәрте марапатталған. Еліне соғыстан соң оралған И. Балпық би кентінде тұрып, қоғамдық тамақтандыру саласында ұзақ жыл жемісті еңбек етті. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:1920 жылы туғандар

Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері