Итіке – Шу өзенінің аңғарындағы құдық. Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайлаукөл ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде. Солтүстігінде Майдегенкөл, Қарақыр сорлары орналасқан. Маңында Орыстұма, Қызылтұма, Шеңгелтұма, Омар бұлақтары мен көптеген қыстаулар бар. Құдықтың маңайын сексеуіл шоғырлары қоршаған. Құдық мал суаруға пайдаланылады.
Қазақстан Энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Қазақстан құдықтары