Ескендір Оразұлы Жанайдаров (19 тамыз 1958 жылы туған, Алматы қаласы) – заң ғылымдарының докторы (1995).

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік университетін (1980) бітірген осы университетте ассистент, аспирант, аға оқытушы, доцент, аға ғылыми қызметкер (1980–94) Мемлекет және құқық институтында доцент, аға ғылыми қызметкер (1994–96) Қазақ мемлекеттік заң университетінің ғылыми-зерттеу орталығында бас ғылыми қызметкер (1996–97) болып істеді. 1998 жылдан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама институтының директоры.

Ғылыми еңбектері «Осуществление права государственной собственности юридическим лицам» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.

Дереккөздер

Санат:19 тамызда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Заң ғылымдарының докторлары