Рихан Асимқызы Махпировa - 1946 жылы 1 тамызда Алматы облысы Шелек ауданы Қорам ауылында туған. ұйғыр.

Өмірбаяны Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген (1967), актриса. ¥йғыр, қазақ жәнө орыс тілдерін біледі. 1977 жылдан бері - Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының актрисасы. Марапаттары ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996). «Еңбек ардагері» медалімен, Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. «Ильхам» сыйлығының, «Медиавайф» (Венгрия) фестивальдерінің, «Тамаша» (Астана) бағдарламасының лауреаты. Отбасы Әкесі - Махпиров Асим. Анасы - Зирякова Гүлрузям. Ұлы - Данияр (1972 ж. т.). Немересі - Дилназ.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер