Түндік – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысының Қарқаралы, Павлодар облысының Баянауыл, Май аудандары жерімен ағады. Атауы терістікке, солтүстікке қарай ағатын өзен деген ұғымды білдіреді. Ұзындығы 305 км, су жиналатын алабы 10100 км2.

Бастауы Қарқаралы ауданындағы Кешубай мен Қоңыртемірші тауларының солтүстік баурайларынан басталып, Май ауданындағы Қарасор көліне құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында аңғарының ені 0,2 - 0,3 км, орта ағысында 1-2 км, жағасы көбіне жарлы (1-2 м). Төменгі ағысында аңғары 7-10 км-ге дейін кеңейеді. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Ақтастық аулының тұсында 0,4 м3/с.

Негізгі салалары Ақжарық (37 км), Қызылащы (48 км), Сарыбұлақ (21 км), Ащышиөзек (78 км), Егіндібұлақ (21 км), Күндік (10 км), Жоғарғы Қарасу (30 км), Төменгі Қарасу (35 км), Жарқайың (17 км), Бала Түндік (67 км). Алабы жайылым, жайылмасы шабындық. Жағаларындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Шабындықты, жайылымдарды суландыруға пайдаланады.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Баянауыл ауданы өзендері Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Май ауданы өзендері