Табақкеңтатыр – Балқаш көлінің солтүстігіндегі қырат. Тоқырау мен Ащыөзек өзендері аралығында.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында. Ауданы 10800 км2. Абсолюттік биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай аласарады (800-400 м).
Жер бедері Рельефі жатық, ұсақ шокылы төбешікті келеді.
Өсімдігі Сортаңды, кұнарсыз сұр топырақта баялыш, теріскен, бұйырғын, қара жусан, көкпек, сайларында шалғын шөп өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары