Сарышығанақ бөгені – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы бөген. 1944 жылы Қараөзен бойында салынған, 1960 жылы жөндеуден өтті.
Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 120 км, ені 150–180 м, тереңдігі 25–30 м, су сыйымдылығы 60 млн. м³, айдыны 0,2 мың км². 15700 га жерді көлдетіп суарады. Бөгеннен төменге қарай су жіберетін алты қақпа секундына 133 м³ және Баубек, Айдархан магистралды каналдары 40 м³ су өткізеді. Суында сазан, шортан, аққайран, көксерке, жайын, табан, т.б. балықтар бар. Айналасы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы гидрографиясы