Ақтау — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл, Ақтау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тасқала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-дей жерде, Паника өзенінің жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1374 адам (667 ер адам және 707 әйел адам) болса, 2009 жылы 1082 адамды (531 ер адам және 551 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 962 адамды (491 ер адам және 471 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Ауыл көшелері А. Сүлейменов көшесі Ақбұлақ көшесі Ардагерлер көшесі Достық көшесі Қазақстан көшесі М. Жүсіпов көшесі Набережная көшесі Подстанция көшесі С. Мұқанов көшесі Т. Өмірзақов көшесі Ю. Гагарин көшесі
Дереккөздер
Санат:Тасқала ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері