Шабдалы — 2017 жылы "Асыл арнаның" тапсырысы бойынша түсірілген комедия жанрындағы көркем фильм. Режиссері — Жандос Құсайын. 2018 жылы шілде айында кинотеатрларда көрсетіле бастадыhttps://brod.kz/news/v-yuko-startovali-semki-filma-pod-rabochim-nazvaniem-shabdaly/. Қысқаша мазмұны Фильм 2000 жылдары болған оқиғаларды баяндайды.

Астанадағы жоғары оқу орындарын бітіріп, мықты заңгер болуды армандайтын бойжеткен студент қыз оқу бітірген соң Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) жігітіне тұрмысқа шықпақ болады да, онымен бірге Жетісай қаласына кетеді.

Бірақ қыздың анасы бұл тірлігін онша құптамайды. Оның жоспары мен қалауынша, қыз еңбек карьерасын құруы тиіс, үлкен қызметкер боп жұмыс істеуі керек. Осы ойынан айнымаған анасы қызын үйіне қайта әкелуге шешім қабылдайды.

Түсірілім тобы

Идея авторы — Мұхамеджан Тазабек Сценаридің авторы және режиссері — Жандос Құсайын Режиссердің ассистенті — Санат Омархан Қоюшы оператор — Еркін Сәтенов Продюсері — Қадыржан Құлманов

Рөлдерде

Нұрбол Айтулов — Тұрсынбай Жарас Ахметов — Абай Аязбаев — Шолпан Елгезекова — Айдана Қызылқұлова — Дархан Манақов —

Басқа да фактілер

Фильм сюжеттері Түркістан облысы, Жетісай ауданында түсірілді. Фильмнің сценариі бүкіл қазаққа танымал жырау Алмас Алматовтың "Шабдалы" атты шағын әңгімесінің желісімен жазылдыhttps://kaz.nur.kz/1741239-sabdaly-krkem-filmi-krermenge-zol-tartty-foto.html. Дереккөздер

Санат:Қазақстан фильмдері Санат:Қазақстан кинокомедиялары Санат:2017 жылғы фильмдер Санат:2017 жылғы Қазақстан фильмдері